Қаріп өлшемі:
Сайт түсі:
Суреттер:
Сайт мәзірі

Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе

2025–2026 оқу жылы бойы КМҚК «Ақерке» бөбекжайында ата-аналармен серіктестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында жылдық жоспарға сәйкес түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ата-аналар мерекелік шараларға, көрмелерге, спорттық және шығармашылық байқауларға белсенді қатысты. «Әжелер», «Әкелер», «Аналар» мектебі аясында жылдық жоспарға сәйкес әр түрлі іс-шаралар өткізілді.

Күз мерекесі қарсаңында ата-аналардың қатысуымен «Күз жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеде отбасылар күзгі өнімдер мен табиғи материалдардан жасаған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. «Зергерлік шеберхана» жобасы аясында аналармен бірлескен көрме ұйымдастырылып, ұлттық қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар ата-аналарға бөбекжайда жүзеге асырылып жатқан жобалардың мазмұнына сәйкес картиналар мен шығармашылық жұмыстар әзірлеу ұсынылды. Дайындалған жұмыстар 21 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағыты бойынша өткізілген облыстық семинарда таныстырылды. Семинар аясында ата-аналардың қолдауымен әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері, тұрмыстық бұйымдары мен тағамдары ұсынылған көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл іс-шара балалардың Қазақстанда тұратын этностардың мәдениетімен танысуына, достықты, бірлікті және өзара құрметті бағалауына ықпал етті.

Үш ересек топтың әкелері арасында қысқы спорттық ойындардан «Әкелер сайысы» өткізілді. Сонымен қатар әкелердің қатысуымен шахмат сайысы ұйымдастырылып, олардың логикалық ойлау қабілеті мен спорттық белсенділігін арттыруға мүмкіндік берілді.

«Аналар» мектебі аясында наурыз айында аналардың қатысуымен «Ана мейірімі» іс-шарасы және «Ұлттық киімдер сән көрсету күні» өткізілді. 22 наурыз мерекесіне орай дәстүрлі «Әжелер сайысы» ұйымдастырылды. Бұл сайыс арқылы тәрбиеленушілерге ұлттық салт-дәстүрлер, отбасылық құндылықтар және үлкенге құрмет көрсету үлгісі насихатталды.

«Әкелер» мектебі аясында «Зергер әке, өнерлі бала» байқауында «Болашақ» тобының тәрбиеленушісі Оразхан Әли әкесімен бірге қатысып, облыстық кезеңде дипломмен марапатталды. Бұл жетістік отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықтың және әке мен бала арасындағы шығармашылық байланыстың нәтижесін көрсетті.

Ата-аналармен жүргізілген жүйелі жұмыстар олардың бөбекжай өміріне белсенді араласуына, педагогтермен өзара сенімді қарым-қатынас орнатуына және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.

https://www.instagram.com/reel/DXuD1L1Cmo3/?stkn=MTU3Z21paHY3dGYzOA==

https://www.instagram.com/p/DWgeMY4irhs/?img_index=1&stkn=MXd1NW9mODcyOHN2Zg==

https://www.instagram.com/reel/DUlRKvHCo0j/?stkn=Y3d2cW5zbmdjMnJo