Қаріп өлшемі:
Сайт түсі:
Суреттер:
Сайт мәзірі

Үздік эргономикалық шешімдер

КМҚК «Ақерке» бөбекжайында балалардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қолайлы эргономикалық орта ұйымдастырылған. Топ бөлмелеріндегі жиһаздар балалардың жасына, бойы мен физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып, олардың еркін әрі қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік беретіндей орналастырылған. Бөлмелердің жарықтандырылуына, түс үйлесімділігіне, эстетикалық безендірілуіне және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлінеді.

Заттық-кеңістіктік дамытушы орта физикалық, коммуникативтік, танымдық-зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыратын орталықтарға бөлінген. Әр топ заманауи жабдықтармен, ойыншықтармен және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілген. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы бұрыштар қарастырылып, барлық тәрбиеленушіге тең мүмкіндік берілген.

Дұрыс ұйымдастырылған эргономикалық орта балалардың бөбекжайда өзін жайлы әрі еркін сезінуіне, денсаулығын нығайтуға және белсенді әрекет етуіне ықпал етеді. Мұндай ортада әр бала өз қызығушылығына сәйкес әрекетті таңдап, қабілетін дамытады, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас орнатуды, бірлесіп әрекет етуді және қоршаған ортаны құрметтеуді үйренеді.