Бөбекжайда:
І санатты басшы-1;
Педагог-модератор-15;
Педагог-сарапшы-11;
Санатсыз-1 педагог жұмыс жасайды.
Бөбекжайда:
І санатты басшы-1;
Педагог-модератор-15;
Педагог-сарапшы-11;
Санатсыз-1 педагог жұмыс жасайды.


2026–2027 оқу жылының басталуына арналған аудандық Тамыз кеңесінде КМҚК «Ақерке» бөбекжайының тәрбиешісі Альмаганбетова Шынар Жанаровна «Ерте жастан кәсіпке баулу: кішкентай бағбаншылар» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Педагог өз тәжірибесінде балаларды ерте жастан еңбекке баулу, табиғатты аялауға, өсімдіктерді күтіп-баптауға үйрету және бағбан мамандығына қызығушылығын қалыптастыру бағытындағы тиімді жұмыс түрлерін таныстырды.
«Кішкентай бағбаншылар» тәжірибесі арқылы бүлдіршіндер еңбектің қадірін түсініп, жауапкершілік пен ұқыптылыққа үйренеді. 🌱
Еңбекке баулу – баланың болашақ мамандық әлеміне жасаған алғашқы қадамы!

09.09.2026 жылы КМҚК «Ақерке» бөбекжайының «Балдәурен» тобында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында спорттық эстафета өткізілді.
Болашақ ұрпақтың бойына тәртіптілік, ережеге бағыну, әділдік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі. Эстафета барысында балалар бірлесе әрекет етіп, ойын ережесін сақтауға, әділ жарысуға және бір-бірін қолдауға үйренді.
Эстафета – жай ғана ойын емес, ол ұйымшылдықтың, жауапкершіліктің және тәртіпті құрметтеудің мектебі.
Іс-шараны дене тәрбиесі нұсқаушысы Айдан Гүлдана Серікқызы ұйымдастырып өткізді.
КМҚК «Ақерке» бөбекжайында Тілдер мерекесіне орай «Балдәурен» тобымен танымдық-мерекелік іс-шара өткізілді. Балалар тіл туралы өлеңдер айтып, қызықты тапсырмалар орындап, мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсетті.
Іс-шараны қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубаевна ұйымдастырып өткізді. Мерекелік шара бүлдіршіндердің тілге деген қызығушылығын арттырып, достық пен бірлік құндылықтарын дәріптеді.

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында КМҚК «Ақерке» бөбекжайының «Болашақ» тобында балаларға арналған мерекелік тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында бүлдіршіндер білімнің маңызы туралы түсініктерін кеңейтіп, ән айтып, қызықты ойындар мен мерекелік тапсырмаларға белсене қатысты.
Өткізген: «Болашақ» тобының тәрбиешісі Дильдабекова Эльмира Муратовна, музыка жетекшілері Асилова Алмагуль Молдабаевна және Үмбетбай Айгерім Нұрланқызы.
Мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жаңа оқу жылына жарқын бастама болды.

Тақырыбы: «2026–2027 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа бағыттары: сапа, инновация және баланың әл-ауқаты»
КМҚК «Ақерке» бөбекжайында 2026–2027 оқу жылындағы №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте жаңа оқу жылындағы басым бағыттар айқындалып, өткен оқу жылының қорытындысы сараланды және алдағы міндеттер белгіленді.
Күн тәртібінде: жаңа бағыттар мен басым міндеттер; 2025–2026 оқу жылының қорытындысы; 2026–2027 оқу жылына арналған жылдық мақсаттар; ұйымдастыру құжаттары; «Жасанды интеллект – педагогтің заманауи көмекшісі» тақырыбы; «Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндік» педагогикалық тренингі және әртүрлі ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Педагогикалық кеңес барысында білім сапасын арттыру, инновациялық тәсілдерді тиімді қолдану және әр баланың әл-ауқаты мен жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру жаңа оқу жылының негізгі басымдықтары ретінде белгіленді.

2026 жылғы қыркүйек айында Ұлытау облысында педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, білім беру сапасын арттыруға және заманауи әдістемелік бағыттарды дамытуға арналған «Құндылыққа негізделген білім: сапа, сабақтастық және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы білім беру кездесуі өтті.
Аталған іс-шараға Жаңаарқа ауданының педагогтері қатарында КМҚК «Ақерке» бөбекжайының тәрбиешісі Альмаганбетова Ш.Ж. қатысып, кәсіби білімін толықтырып, тәжірибе алмасу алаңында жаңа педагогикалық идеялармен танысты.
Кездесу барысында білім берудегі құндылықтар сабақтастығы, педагогтің кәсіби дамуы, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи тәсілдер, тәжірибені жетілдіру және білім сапасын арттыру мәселелері қамтылды. Әртүрлі білім беру ұйымдарының педагогтері өзара пікір алмасып, тиімді тәжірибелер мен жаңа мүмкіндіктерді талқылады.
Осындай кәсіби алаңдарға қатысу – педагогтің ізденісін арттырып қана қоймай, жинақталған тәжірибені мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді.
«Ақерке» бөбекжайы педагогтердің кәсіби дамуын, жаңашыл бастамаларын және тәжірибе алмасуға бағытталған белсенділігін әрдайым қолдайды.
Жаңа білім – жаңа мүмкіндік, ал тәжірибе алмасу – кәсіби дамудың маңызды қадамы!