Қаріп өлшемі:
Сайт түсі:
Суреттер:
Сайт мәзірі
Бөбекжай

ҮЗДІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ 2026

13.10.2026

🏆 АҚЕРКЕНІҢ АҚЖОЛТАЙ ЖЕҢІСІ! 🏆
✨ БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ – БЕРЕКЕ, ЕҢБЕК БАР ЖЕРДЕ – ЖЕҢІС БАР!

Бүгін – КМҚК «Ақерке» бөбекжайының тарихында ерекше орын алатын, мерейімізді асқақтатқан қуанышты күн!

Ұлытау облысы бойынша «Мектепке дейінгі үздік ұйым» номинациясына ие болып, бөбекжайымыз 6 000 000 теңгелік сертификатпен марапатталды! 🏆🎉

Бұл – бір күннің немесе бір адамның ғана жетістігі емес. Бұл – 60 қызметкердің бірлігі мен тынымсыз еңбегінің, 205 бүлдіршінге беріліп жатқан сапалы тәрбие мен білімнің, жаңашылдыққа ұмтылған үлкен ұжымның ортақ жеңісі!

Бөбекжайымызды білікті басшы Смагулова Райхан Темирбаевна басқарып келеді. Ұжымды бір мақсатқа жұмылдырып, әр бастамаға қолдау білдіріп, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласының дамуына үлес қосып келе жатқан басшымыздың еңбегі – біз үшін үлкен өнеге.

Күні кеше Райхан Темирбаевнаның ҚР Президентінің «Құрмет» ордені төсбелгісімен марапатталуы, ал бүгін «Ақерке» бөбекжайының облыс көлемінде үздік ұйым атануы – біз үшін қатар келген үлкен қуаныш әрі зор мәртебе! 🇰🇿✨

«Ақеркенің» әр жетістігінің артында тәрбиешінің ізденісі, педагогтің шығармашылығы, мамандардың жауапкершілігі, қызметкерлердің адал еңбегі, ата-аналардың сенімі мен қолдауы тұр.

Біздің ең үлкен жетістігіміз – 205 баланың шат күлкісі, олардың әрбір кішкентай қадамы мен үлкен болашаққа деген сенімі. ❤️